ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы (2017.16.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылсын. 2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Мынадай: 1) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 420-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 502 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 604-құжат) жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық, Музейді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру тізілімінен алып тастаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 4-і.
№ 369
Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 369 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|