|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері (2017.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы»; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері құрылсын. 3. Мыналар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі комитеттерінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 100 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволары осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|