Ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы
«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы 29 желтоқсан
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1-2/1117 бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі - кооператив) фирмалық атауы және ұйымдастыру-құқықтық нысаны: мемлекеттік тілде:________________________________ _______________________________; орыс тілінде:_____________________________________ _______________________________. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|