ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.10.01. № 9 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (2023.17.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды. 2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, түлегі мәртебесі туралы ақпарат беру (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) «электрондық цифрлық қолтаңбамен» қол қойылған өтінімін береді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларының қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) келтірілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|