Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы (2017.03.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегi № 645 қаулысымен бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді: 1) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы; 3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы; 4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы; 5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы; 6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы; 7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы; 8) ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
ҚР Үкіметінің 2017.03.04. № 160 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады: 1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды; 2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады; 3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) жарғылық капиталын төлейді, оған бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; 4) Холдингті корпоративтік басқаруды жүзеге асырады. 2-1. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.03.04. № 160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар іске асырады. 4. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.08. № 659 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. 6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.
|