Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 және «Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидада: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік органның жаңа құрылымдық бөлімшесі құрылған кезде нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік органның құрылатын құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыруы тиіс функцияларды айқындау тұрғысынан талдау жүргізіледі. Талдауды құрылымдық бөлімше құрылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің құрылымы, міндеттері мен функцияларының тізбесі айқындалады, олардың негізінде құрылымдық бөлімше туралы ереженің жобасы әзірленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|