«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № ҚР ДСМ-147 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 68-69 (26489-26490) санында жариялаған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарын денсаулық сақтау ұйымдарына енгізсін.»; Стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Стационарлық және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Басқа үлгідегі медициналық ұйымдардың медициналық есепке алу құжаттамасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|