Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы (2019.06.03. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 296/37-VII шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі бекітілсін. 2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне 1-қосымша
Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық тәртібі
Осы Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 8-бабының 4-тармағына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1. Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына оқу кезеңінде (жазғы демалысты қоспағанда) қалалық жолаушылар көлігінің бағдарларында жеңілдікпен жүру түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|