|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 156-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 3-баптың 8) тармағы «мотоциклдер,» деген сөзден кейін «мопедтер,» деген сөзбен толықтырылсын. 2. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 6), 25), 29-1) және 29-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 2-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі «6) велосипед - екі немесе одан көп дөңгелегі бар және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқыш пайдаланыла отырып, қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;»; «25) жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;»; «29-1) көлік құралының орташа жүру жылдамдығы - көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалатын жылдамдық; 29-2) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) - жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) бар және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);»; мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын: «29-3) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) - көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);»; 2-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы - он төртінші абзацтары 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 38) тармақшадағы «мопедтерді,» деген сөз алып тасталсын; 41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «41) мопед - қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мопедтерге мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да механикалық көлік құралдары теңестіріледі;»; 46) тармақша алып тасталсын; 47) тармақшадағы «тізіліміне енгізілген» деген сөздер «қызметіне арналған рұқсатты алған» деген сөздермен ауыстырылсын; 53-1) тармақшадағы «электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді» деген сөздер «электр самокаттар мен электр қозғалтқышы бар велосипедтерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 3) 11-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын; 4) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың» деген сөздер «уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 36-баптың 2-тармағындағы «жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын; 6) 39-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын; 7) 54-бапта: 2-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 3-тармақтың 5-1) тармақшасы «мотоциклді» деген сөзден кейін «немесе мопедті» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта: 16) тармақша «жылдамдықтан асыруға;» деген сөздер «жылдамдықтан асыруға тыйым салынады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Көлік құралының ең жоғары жүру жылдамдығынан асыру көлік құралының орташа жүру жылдамдығын автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркеп-белгілеу немесе есептеу арқылы айқындалады;»; 17) тармақшадағы «басқа көлік құралдарына» деген сөздер «жол жүрісіне басқа да қатысушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 7) тармақшасының жетінші - оныншы абзацтары 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын: «18-1) мотоциклді немесе мопедті ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай басқаруға; 18-2) мотоциклді немесе мопедті бір дөңгелегімен жүргізіп басқаруға, сол сияқты осы көлік құралын басқаруға арналған орыннан тыс орналасуға; 18-3) мотоциклдермен немесе мопедтермен, сондай-ақ арнаулы бейімдемелерде габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;»; 21) тармақшада: он бірінші абзацтағы «балалар және спорт алаңдарында тоқтауға» деген сөздер «балалар немесе спорт алаңында» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын: «велосипед жолында және (немесе) велосипед жүретін жолақта тоқтауға;»; 2-тармақтың 7) тармақшасының он бесінші - жиырма бірінші абзацтары 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 35) тармақша алтыншы абзацындағы «тіркемемен сүйретуге;» деген сөздер «тіркемемен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, сондай-ақ мопедтермен сүйретуге;»; 36) тармақшада: төртінші абзац «мотоциклдің» деген сөзден кейін «немесе мопедтің» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзацтағы «санынан артық тасымалдауға;» деген сөздер «санынан артық;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзац пен толықтырылсын: «он алты жасқа толмағандарды мотоциклдің немесе мопедтің артқы орындығында тасымалдауға;»; 37) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын; 2-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 8) 55-бапта: 2-тармақтың 2) тармақшасы «мотоциклмен» деген сөзден кейін «немесе мопедпен» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ 3) тармақшасындағы «басын шығаруға тыйым салынады.» деген сөздер «басын шығаруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқан кезде аяқ тіреуіштерге немесе орындыққа тұруға тыйым салынады.»; 2-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 9) 57-бапта: тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Мопед, электр самокат» деген сөздер «Электр самокат» деген сөздермен ауыстырылып, «және мопедтермен», «мопедпен және», «мопедтерді,», «мопедтермен,» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақ алып тасталсын; 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Тротуармен және (немесе) жаяу жүргіншілер жолымен қозғалтқышы бар велосипедтермен жүруге тыйым салынады. Велосипед жүргізушілерге жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, жолдың жүру бөлігімен түймеленген шлемдерсіз жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.»; 2-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 10) 64-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасындағы «ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақ «мотороллерлер,» деген сөзден кейін «мопедтер;» деген сөзбен толықтырылсын; 11) 71-1-баптың 8) тармақшасындағы «жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі,» деген сөздер «уәкілетті орган және» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 72-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының екінші бөлігіндегі «жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 13) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 13) 73-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) «А1» кіші санаты - ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер, сондай-ақ мопедтер;»; 8-тармақтағы «В1 кіші санатындағы (мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар көлік құралдарынан басқа)» деген сөздер «А1» және «В1» кіші санаттарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 74-бапта: 1-тармақ «адамдарға» деген сөзден кейін «көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы бөлігінде немесе 613-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар жеті жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының жетінші бөлігінде немесе 613-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді. Емтихандар тапсыруға осы шектеу әкімшілік жауаптылыққа соңғы тартылған кезден бастап есептеледі.»; 15) 77-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі «маршруттар бойынша ғана» деген сөздерден кейін «және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың 16) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 16) 88-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізген» деген сөздер «Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне арналған рұқсаты бар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 17) тармақшасы 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 17) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын: «89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібі 1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне рұқсаттар береді. 2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді. 3. Техникалық қарап-тексеру операторлары көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін: 1) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуге; 2) осы баптың 2-тармағына сәйкес көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат беру талаптарына сай келуге тиіс. 4. Жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде заңды тұлғаның құрылтайшылары (акцияларының бақылау пакеті бар акционерлері) және (немесе) дара кәсіпкерлер техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айырылған кезден бастап келесі үш жыл ішінде техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған жаңа рұқсат алуға өтініш беруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны - техникалық қарап-тексеру операторын құруға не оған қатысуға құқылы емес.». 3-тармақ 2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-қосымша мынадай мазмұндағы 84-2-жолмен толықтырылсын: «
»; 2) 3-қосымшаның 47-тармағы алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасының үшінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 8), 9), 10), 13), 16) және 17) тармақшаларын, 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 3 қазан № 130-VIІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |