Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2016.02.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Републикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. ҚР Үкіметінің 2014.04.02. № 54 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.12. № 757 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер: 1) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|