Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 Қаулысымен 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша мәліметтер туралы есеп; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты активтер мен шартты міндеттемелер туралы есеп; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп; 7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|