«Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10592 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары; 2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны; 3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|