Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығы (2018.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына, 46-бабының 1-тармағына, 466-бабының 6-тармағына және 468-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтары тізбесінің 2-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев)заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|