Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы (2020.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2020.06.04. № 68-252 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 10 502 487 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 3 041 927 мың теңге; салықтық емес түсімдер 28 624 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 254 841 мың теңге; трансферттер түсімі 7 177 095 мың теңге, оның ішінде: төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 10 мың теңге; мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 7 177 085 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 2 931 950 мың теңге; нысаналы даму трансферттері 1 715 441 мың теңге; субвенциялар 2 529 694 мың теңге; 2) шығындар 12 166 193 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 22 511 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 27 953 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 5 442 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 686 217 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 686 217 мың теңге. 2. 2020 жылға арналған қала бюджетінде қала бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 8 000 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: 1) Заречный ауылдық округіне 4 000 мың теңге; 2) Шенгелді ауылдық округіне 4 000 мың теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|