Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1) тармақшасын қоспағанда, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 17-03/541 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі
1) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 2 сәуірдегі «Егемен Казақстан» газетінде № 124-127 (26529) жарияланған): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|