|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы (2023.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру 2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы 3-бап. Сот-сараптама қызметінің міндеті 4-бап. Сот-сараптама қызметінің мазмұны 5-бап. Сот-сараптама қызметінің қағидаттары 6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық 8-бап. Сот сарапшысының тәуелсіздігі 11-бап. Сот сарапшысының әдебін сақтау 2-тарау. СОТ-САРАПТАМАСЫ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 12-бап. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыреті 15-бап. Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі 3-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ. СОТ САРАПШЫСЫ 16-бап. Сот сараптамасы органының басшысы 17-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары 18-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері 20-бап. Сот сарапшысына қойылатын біліктілік талаптары 21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру 22-бап. Сот сарапшысын аттестаттау 23-бап. Сот сарапшысының құқықтары 24-бап. Сот сарапшысының міндеттері 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ САРАПШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫ 25-бап. Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы 26-бап. Палатаның басқару органдары 28-бап. Палатаның өкілеттіктері 29-бап. Аумақтық палатаның өкілеттіктері 5-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ 30-бап. Сот сараптамасын жүргізу негіздері 31-бап. Сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі шектеулер 32-бап. Сот сараптамасының объектілері 34-бап. Сот сараптамасын жүргізу мерзімдері, оны ұзарту және тоқтата тұру 35-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы 36-бап. Жеке-дара және комиссиялық сот сараптамалары 38-бап. Сарапшының қорытындысы 39-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны 40-бап. Сарапшының қорытындысын беру мүмкін еместігі туралы хабарлама 41-бап. Сот сарапшысынан жауап алу 42-бап. Қосымша және қайталама сот сараптамасы 43-бап. Материалдарды орындамай қайтару 6-тарау. ТІРІ АДАМДАРҒА СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 44-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу орны 45-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезіндегі еріктілік және мәжбүрлеу 46-бап. Адамды сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастырудың негіздері мен тәртібі 47-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның медициналық ұйымда болу мерзімдері 49-бап. Күзетпен ұсталмаған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттары 51-бап. Процеске қатысушылардың тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы 7-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 52-бап. Сот-сараптама қызметін қаржыландыру 53-бап. Сот сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық қамтамасыз ету стандарттары мен талаптары 54-бап. Сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету 55-бап. Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі 57-бап. Сот сараптамасы органдарының қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету 58-бап. Сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз ету 8-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 60-бап. Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық 61-бап. Шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу 62-бап. Сот сараптамасын шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып жүргізу 63-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 64-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру Осы Заңда қамтылған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады: 1) арнайы ғылыми білім - мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнайы білім саласы; 2) валидация - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін, сот-сараптамалық зерттеудің әдістері мен әдістемелерін пайдаланудың жарамдылығын бағалау; 3) сараптама мамандығы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының біліктілігін берумен расталған сот сарапшысының ғылыми құзыреті; 4) сарапшының қорытындысы - Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін жазбаша құжат; 5) сот-сараптама қызметі - сот сараптама органдарының және сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі; 6) сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі - сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі; 7) сот-сараптамалық зерттеу әдісі - сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын логикалық және (немесе) аспаптық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі; 8) сот сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу; 9) сот сараптамасының нысанасы - сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталатын қылмыстық, азаматтық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі шешу үшін маңызы бар нақты деректер; 10) сот сараптамасының объектілері - заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адамның психикалық жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған, сот сараптамасының нысанасына қатысты мәліметтер; 11) сот сараптамасы органы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға; 12) сот сарапшысы - арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға; 13) сот сарапшысын аттестаттау - сот сарапшысының заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін айқындау бойынша мерзімді түрде жүзеге асырылатын рәсім; 14) сот сарапшысының біліктілігі - сараптаманың белгілі бір түрінің объектілерін зерттеу мақсатында кәсіби білімі бар адамның мақсатты даярлықтан өтуі арқылы алған білімінің, машықтары мен дағдыларының кешені; 15) үлгілер - сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін көрсететін материалдық объектілер.
2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Сот-сараптама қызметінің міндеті Әкімшілік сот ісін жүргізуді, қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету сот-сараптама қызметінің міндеті болып табылады.
4-бап. Сот-сараптама қызметінің мазмұны Сот-сараптама қызметінің мазмұны: 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) қылмыстық, азаматтық істер бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуде сот сараптамасын жүргізуді; 2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және жүргізуді; 3) сот сараптамасын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 4) сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды; 5) сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.
5-бап. Сот-сараптама қызметінің қағидаттары Сот-сараптама қызметі: 2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 3) сот сарапшысының тәуелсіздігі; 4) сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы, объективтілігі және ғылыми негізділігі; 5) сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді пайдалануға жол берушілік; 6) сот сарапшысының әдебін сақтау қағидаттарына негізделеді.
6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары дәл орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау 1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады. 2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеуді талап ететін сот-сараптамалық зерттеулер заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен ғана жүргізіледі. 3. Сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының әрекеттері (әрекетсіздігі) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін не заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге алып келді деп пайымдайтын адам көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
8-бап. Сот сарапшысының тәуелсіздігі 1. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа адамдардан тәуелсіз болады. 2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердің нәтижелерi негiзінде оның арнайы ғылыми біліміне сәйкес өз атынан қорытынды береді. 3. Сот сарапшысы зерттеудің ғылыми-техникалық құралдарын, әдiстерi мен әдістемелерін таңдауда дербес болады, олардың жарамдылығы заңда айқындалады. 4. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және олар заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
9-бап. Сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы, объективтілігі және ғылыми негізділігі 1. Сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшысы объектілерді арнайы ғылыми білімге негізделген жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті. 2. Сарапшының қорытындысы жалпыға бірдей қабылданған ғылыми және практикалық деректер негізінде жасалған түйіндердің негізділігі мен анықтығын тексеруге мүмкіндік беретін ережелерге негізделуге тиіс.
10-бап. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді пайдалануға жол берушілік 1. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді қолдануға, егер олар: 1) заңда тiкелей көзделсе немесе олардың нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе; 2) ғылыми жағынан дәлелді болса; 3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; 4) қауіпсіз болса, жол беріледі. 2. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізген кезде Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген әдістемелерді қолданады. Егер өзге әдістемелер осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келсе, оларды қолдануға жол беріледі. Бұл ретте, оларды қолданудың ғылыми негіздемесі сарапшының қорытындысында көрсетілуі тиіс.
11-бап. Сот сарапшысының әдебін сақтау Сот сарапшысы сот-сараптама қызметін жүзеге асырған кезде Сот сарапшысының әдеп кодексін сақтауға міндетті.
2-тарау. СОТ-САРАПТАМАСЫ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
12-бап. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыретіне: 1) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 3) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту; 4) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 5) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 6) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту; 7) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту; 8) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 9) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту; 10) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 11) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 12) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 13) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеу және бекіту; 14) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту; 15) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 16) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; 17) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау; 18) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 19) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; 20) сот сарапшыларын аттестаттау; 21) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 22) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 23) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 24) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; 25) сот-сараптама қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру; 26) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту; 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 26-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту; 27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
13-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау 1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі. 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Сот-сараптама қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату және одан айыру 1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, адамның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы: 1) ол мемлекеттік қызметте болған; 2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған; 3) ол сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген; 4) ол мерзімді әскери қызметті өткерген; 5) осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады. Лицензияны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған кезде оның қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қайта жалғастырылады. 2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату: 2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адам әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; 3) адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан; 4) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 5) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде адам қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған; 6) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру: 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел немесе күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған; 2) аттестаттау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан адамның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған; 3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. 4. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдар негізінде лицензиар тоқтата тұрады, қайта жалғастырады және тоқтатады. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған адам қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
15-бап. Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі 1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. 2. Сот сараптамасын жүргізу, осы Заңның 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген адамдарға тапсырылады.
3-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ. СОТ САРАПШЫСЫ
16-бап. Сот сараптамасы органының басшысы Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасы органының сот-сараптама қызметіне басшылықты жүзеге асыратын адам болып табылады (сот сараптамасы органының бірінші басшысы, сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы).
17-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары 1. Сот сараптамасы органының басшысы: 1) осы Заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті уәждерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеуге ұсынылған объектілерді орындамай қайтаруға; 2) егер арнайы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды енгізу туралы сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында өтінішхат беруге; 3) шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында өтінішхат беруге; 4) сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту туралы сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында уәжді өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Сот сараптамасы органы басшысының сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 2. Сот сараптамасы органы басшысының: 1) сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті объектілерді өзі дербес талап етуге; 2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға; 3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша түйіндердің мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқығы жоқ.
18-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері Сот сараптамасы органының басшысы: 1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде заң талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты бір сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; 2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізілетін зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігі мен ғылыми негізділігін бақылауды, сондай-ақ сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге; 3) зерттеулер аяқталғаннан кейін сарапшының қорытындысын, зерттеу объектілерін және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдарды сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолдауға; 4) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге; 5) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға; 3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін. 2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығында тұруға тиіс. 3. Біржолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізу: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған; 2) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын тиiстi мамандықтағы сот сарапшыларынан, сондай-ақ лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiмен айналысатын адамдардан уәжді бас тарту қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден уәжді шеттетiлген; 3) осы Заңның 62-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы3-бап. Сот-сараптама қызметінің міндеті4-бап. Сот-сараптама қызметінің мазмұны5-бап. Сот-сараптама қызметінің қағидаттары6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау8-бап. Сот сарапшысының тәуелсіздігі9-бап. Сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы, объективтілігі және ғылыми негізділігі10-бап. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді пайдалануға жол берушілік11-бап. Сот сарапшысының әдебін сақтау 2-тарау. СОТ-САРАПТАМАСЫ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ12-бап. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыреті13-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау14-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату және одан айыру15-бап. Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі 3-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ. СОТ САРАПШЫСЫ16-бап. Сот сараптамасы органының басшысы17-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары18-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері19-бап. Сот сарапшысы20-бап. Сот сарапшысына қойылатын біліктілік талаптары21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру22-бап. Сот сарапшысын аттестаттау23-бап. Сот сарапшысының құқықтары24-бап. Сот сарапшысының міндеттері 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ САРАПШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫ25-бап. Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы26-бап. Палатаның басқару органдары27-бап. Палатаның жарғысы28-бап. Палатаның өкілеттіктері29-бап. Аумақтық палатаның өкілеттіктері 5-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ30-бап. Сот сараптамасын жүргізу негіздері31-бап. Сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі шектеулер32-бап. Сот сараптамасының объектілері33-бап. Үлгілер34-бап. Сот сараптамасын жүргізу мерзімдері, оны ұзарту және тоқтата тұру35-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы36-бап. Жеке-дара және комиссиялық сот сараптамалары37-бап. Кешенді сараптама38-бап. Сарапшының қорытындысы39-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны40-бап. Сарапшының қорытындысын беру мүмкін еместігі туралы хабарлама41-бап. Сот сарапшысынан жауап алу42-бап. Қосымша және қайталама сот сараптамасы43-бап. Материалдарды орындамай қайтару 6-тарау. ТІРІ АДАМДАРҒА СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ44-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу орны45-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезіндегі еріктілік және мәжбүрлеу46-бап. Адамды сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастырудың негіздері мен тәртібі47-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның медициналық ұйымда болу мерзімдері48-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі49-бап. Күзетпен ұсталмаған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттары50-бап. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттары51-бап. Процеске қатысушылардың тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы 7-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ52-бап. Сот-сараптама қызметін қаржыландыру53-бап. Сот сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық қамтамасыз ету стандарттары мен талаптары54-бап. Сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету55-бап. Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі56-бап. Валидация57-бап. Сот сараптамасы органдарының қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету58-бап. Сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз ету59-бап. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларына еңбекақы төлеу және оларды өзге де қамсыздандыру 8-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ60-бап. Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық61-бап. Шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу62-бап. Сот сараптамасын шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып жүргізу 9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |