|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес туралы ережені, оның құрамын және Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері жанындағы Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы (2015.28.04. берілген өзгерістермен)
2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес), сондай-ақ Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері жанындағы Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері жанындағы Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін. 4. Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары қоғамдық кеңестердің қызметтерін реттейтін бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізсін. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесті құру туралы» 2012 жылғы 21 қарашадағы № 619; 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2014 жылғы 2 қаңтардағы № 1 бұйрықтарының күші жойылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің Штаб-департаментіне (Б.С. Біләлов) жүктелсін. 7. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|