Қазақстан Республикасының (2020.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi 2-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзi 3-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң принциптерi 4-бап. Әскери полиция органдарының жүйесi мен құрылымы 5-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi
2-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI 7-бап. Әскери полиция органдарының өкiлеттiктерi 7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының өкілеттігі 8-бап. Әскери полиция органдарының құқықтары 9-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi 9-1-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті 10-бап. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлігі
12-бап. Арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану
4-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ КАДР ҚҰРАМЫ, ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ 13-бап. Әскери полиция органдарының кадр құрамы 14-бап. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерiн әлеуметтік және құқықтық қорғау 15-бап. Әскери полиция органдары қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау
Осы Заң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, ұлттық қауiпсіздiк және iшкi iстер органдары әскери полициясы органдарының (бұдан әрi - әскери полиция органдары) құқықтық негiздерiн, принциптерiн, мiндеттерiн және жүйесiн белгiлейдi.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Ұлттық ұланының құрамына ұйымдық тұрғыдан кiретiн және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын арнайы әскери бөлiмшелер болып табылады.
2-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзi Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар құрайды.
3-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң принциптерi Әскери полиция органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерiне құрылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Әскери полиция органдарының жүйесi мен құрылымы 1. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсіздiк органдарында және Ұлттық ұланында құрылады. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы əскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу туралы шешімдер қабылдайды, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. 3. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi Әскери полиция органдарының мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау; 3) қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды анықтау; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру iсiн жүргiзу; 5) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлiмдер орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен әскери қызметшiлердi iздестiру; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 7) заңнамада көзделген жағдайларда әскери қызметшiлердi гауптвахтаға жабу арқылы ұстауды орындау, сондай-ақ әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда 7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды 7-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу; 8) өздеріне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының міндеттері: 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізетін адамдар жасаған жол жүру қағидаларын бұзу бөлігінде) іс жүргізу; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен жəне шектерде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін, оның ішінде қару-жарақты, арнайы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін жəне өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып күзету, сондай-ақ көрсетілген объектілерде рұқсаттамалық жəне объектішілік режимдерді қамтамасыз ету; 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу саласындағы қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен және шектерде үйлестіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыру да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының міндеті болып табылады.
2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Әскери полиция органдарының мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауы және ынтымақтастығы 1. Әскери полиция органдары өз қызметiн заңнамада белгiленген шекте Қазақстан Республикасының құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырады және өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша бір-бірiн хабардар етiп отырады. Әскери полиция органдарының мемлекеттiк органдармен, олардың құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 2. Әскери құралымдар қолбасшылығы, әскери басқару органдары мен әскери қызметшiлер әскери полиция органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдемдесуге мiндеттi.
2-тарау. Әскери полиция органдарының өкiлеттiктерi
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери полиция органдарының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлiгiндегi өкiлеттiктері азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен əскери бөлімдерінің əскери қызметшiлерiне қолданылады.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының өкілеттіктері 1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттіктері арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады. 2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өкілеттіктері шегінде жəне заңда белгіленген тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын тоқтатып кідіртуге, тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға, тораптары мен агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырылған, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сəйкес келмеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, алкогольдік, есiрткiлік жəне уытқұмарлық масаң күйдегi адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жəне жағдайларда оларды медициналық зерттеп-қарауға жіберуге құқылы.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Әскери полиция органдарының құқықтары Әскери полиция органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңмен белгiленген тәртiпте: 1) әскери қызметшiлерден, әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтардан, сондай-ақ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметтегi адамдарынан өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қоғамдық тәртiптi, әскери нысанды киім киiп жүру ережелерiн сақтауды, құқыққа қарсы iс-әрекеттердi және әскери полиция органдарының мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етуге; 2) әскери қызметшiлер және әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар, ал әскери бөлiмдер (әскери объектiлер) және гарнизондар аумақтарында өзге де адамдар құқық бұзушылықтар жасаған кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететiн шаралар қолдануға; 3) iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша әскери қызметшiлердi және өзге де азаматтарды әскери полиция органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар немесе солардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға және өзге де тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге, сондай-ақ дәлелсіз себеппен келуден жалтарған адамдарды заңда белгiленген тәртiппен күштеп әкелуге; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдікті, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұстап алуға; 5) осы баптың 4) тармақшасында аталған, ұсталған адамдарға жеке тексеру жүргiзуге, олардың заттарын, құжаттарын, көлiк құралдарын тексеруге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңсыз айналымдағы заттарды алып қоюға; 6) әскери тәртiптi немесе қоғамдық тәртiптi өрескел бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және әскери полиция органдары мекемелерiне немесе қызмет атқарып жатқан жерiне жеткізуге; 7) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әскери қызметшiлерге, әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтарға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға; 8) әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар жасаған тәртiптiк терiс қылықтар туралы материалдарды әскери бөлiмдердiң тиiстi командирлерiнiң (бастықтарының) қарауына беруге; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргiзуге; 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) азаматтардың қауiпсіздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына сезiктi адамдарды қудалау кезiнде азаматтардың тұрғын үйiне және өзге де үй-жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың аумағына және үй-жайларына (шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық иммунитетi бар өкiлдiктерiнен басқа) кедергiсіз кiруге және оларды қарап шығуға не онда қылмыстық құқық бұзушылық жасалған немесе жасалып жатыр деуге жеткiлiктi негiздер бар болған жағдайда, соңынан бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды хабардар етуге; 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан және ұйымдардан іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға; 12) өз құзыретi шегiнде әскери қолбасшылыққа және өзге де лауазымды адамдарға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды жою жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 13) қызмет мақсатында кезек күттiрмейтiн жағдайларда байланыс құралдарын орналасқан жерiне және кiмге тиесiлiгiне қарамастан пайдалануға; 14) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап қаруымен кеткен әскери қызметшiлердi iздестiру және ұстау жөніндегі ic-шараларды жүргiзу кезiнде құқық қорғау органдарымен келiсе отырып бақылау-өткізу пункттерiн дербес орнатуға; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнiң және әскери құралымдарының көлiк құралдарын ұстауға, алкогольмен, есiрткiмен және уытқұмарлықпен масаң күйдегi адамдарды әскери көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге және оларды медициналық тексеруге жiберуге; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамдарды ұстау жөнiндегi шараларды жүргізу кезiнде, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн мән-жайлар кезiнде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша көшелердiң, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiнде және басқа да аумақтарда көлiктің және жаяу жүргiншiлердің жол жүрісін шектеуге немесе оған тыйым салуға; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) әскери көлiк құралдарының колонналары өткен уақытта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үйлесiмдi түрде автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеуге, осы колонналарға және арнайы мақсаттағы көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге; 18) әскери бөлiмдер мен әскери мекемелерде жол жүрiсi қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық iс-шараларының орындалуын тексеруге; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 18-1) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге; 19) өзге мүмкiндiктер болмаған кезде оқиға болған жерге бару, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшiлер мен азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткізу үшiн әскери көлiктi пайдалануға; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) әскери полиция органдары ұстап алған не тергеуде және сотта жатқан әскери қызметшілерді ұстау үшін не қамаққа алуды қолдану үшін арнайы үй-жайы - гаупвахтасы болуына; 21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Бұған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге құқылы.
2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi Әскери полиция органдары өздерiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес және өкiлеттіктерi шегiнде: 1) әскери қызметшiлердiң және басқа да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға; 2) гарнизондарда құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, ашуға және жолын кесуге, олардың жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды белгiлеуге; 3) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, әскери қызметшiлер және әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ әскери бөлiмдер мен гарнизондардағы оқиғалар туралы жедел ақпараттың есебiн жүргiзуге және оны талдауға; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, анықтау, алдын ала тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны орындаудан жалтарып жүрген әскери қызметшiлердi басқа құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда iздестiрудi жүзеге асыруға; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар; өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде азаматтық персонал адамдары жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзуге; 6) өз құзыретi шегiнде әскери көлiк құралдарының жол жүрiсiн және оларды пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 7) заңда белгіленген тәртiппен тергеушiнiң тапсырмасын, прокурордың нұсқауын, сот шешiмiн орындауға; 8) әскери полиция органдарының құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыруға; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) төтенше жағдайларды жою кезiнде құқық тәртібін және қауiпсіздiктi қамтамасыз етуге; 10) әскери қызметшiлер арасында әскери тәртiптi қамтамасыз етуде әскери қолбасшылыққа жәрдемдесуге; 11) құқыққа қарсы қол сұғудан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ шарасыз не денсаулығы мен өмiрiне қауiп төнген өзге де жағдайды бастан кешiрiп жатқан азаматтарға көмек көрсетуге; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындауға; |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi2-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзi3-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң принциптерi4-бап. Әскери полиция органдарының жүйесi мен құрылымы5-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi6-бап. Әскери полиция органдарының мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауы және ынтымақтастығы 2-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI7-бап. Әскери полиция органдарының өкiлеттiктерi7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының өкілеттігі8-бап. Әскери полиция органдарының құқықтары9-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi9-1-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті10-бап. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлігі 3-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АТЫС ҚАРУЫН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ КYШІН ҚОЛДАНУЫ4-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ КАДР ҚҰРАМЫ, ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ |