Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2021.04.11. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2021.04.11. № 180-ө өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 45-ө өкімімен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|