«Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11047 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты: мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын: «9-1. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»; осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|