Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы (2022.07.11. берілген өзгерістермен)
«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары бекітілсін. 2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2020.30.04. № 18 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1342 бұйрығымен бекітілген
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|