«Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын бекіту және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары бекітілсін.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары белгіленсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|