Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы (2019.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысымен бекітілген
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленген және отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төлеу тәртібін белгілейді. ҚР Үкiметiнiң 2016.21.04. № 239 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.27.05. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 35-бабының 2-1-тармағында көзделген тәртіппен отставкадағы судьяға төленетін ай сайынғы төлем; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|