Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 23 қарашадағы № 10/70 шешімімен бекітілген
Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары
1. Осы Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) және Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру (иттер мен мысықтар) тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 2) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|