Қазақстан Республикасының (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесiн қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы 2-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу 3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері және қағидаттары 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 3-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі 8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары 9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау 10-бап. Қондырғылардың радиациялық қауіптілік санаттары 11-бап. Радионуклидті көздердің қауіптілік санаттары 12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу 13-бап. Ядролық физикалық қауіпсіздік 14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiн мемлекеттік есепке алу 15-бап. Атом энергиясын пайдалану саласында экспорт пен импортты жүзеге асыру 16-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау 17-бап. Радиоактивті қалдықтармен және пайдаланылып болған ядролық отынмен жұмыс істеу 20-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігі 21-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау 23-бап. Авариялық әзірлік және ден қою 26-5-бап. Талап қоюдың ескіруі 29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) алып қою деңгейі - ядролық материалдардың, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылардың сипаттамаларын айқындайтын, уәкілетті орган белгілеген физикалық шама мәндері; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) арнайы қарыз алу құқықтары - Халықаралық валюта қоры айқындаған және ол операциялар мен мәмілелер үшін пайдаланатын есептік бірлік; 2) атом энергиясы - ядролық реакциялардан және радиоактивті ыдырау кезінде босатылатын энергия, сондай-ақ генерацияланатын иондандырушы сәулелер энергиясы; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер - иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар; 4) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалану - атом энергиясын пайдалану саласында жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын әкімшілік, шаруашылық және инженерлік-техникалық қызмет; 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу - атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді салу, реконструкциялау, дайындау, алу, беру, жеткізу, иелену, пайдалану, пайдаға асыру, пайдалануға беру және пайдаланудан шығару, қайта өңдеу, монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, зарядтау, қайта зарядтау, бөлшектеу, кәдеге жарату, консервациялау, тасымалдау, импорттау, экспорттау, активсіздендіру, кейіннен кәдеге жарату, сақтау, көму кезінде олармен қолмен жасалатын және (немесе) автоматтандырылған операциялардың, әрекеттердің жиынтығы; 6) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің өмірлік циклі - атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді орналастыру, жобалау, шығару, құрылысы немесе салу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдаланудан шығару, тасымалдау, айналымы, сақтау, көму және кәдеге жарату; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау - атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 8) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 9) иондандырушы сәулелену көздері - радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар; 10) иондандырушы сәулелену көздерінің тізілімі - иондандырушы сәулелену көздерін экспорттау мен импорттау кезінде орнын ауыстыру туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы мәліметтердің ұдайы жаңартылып тұратын жиынтығын білдіретін, иондандырушы сәулелену көздерінің дерекқоры; 11) кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстардың (үйлердің, ғимараттардың, кешендердің) пайдаға асырылуы (пайдаланылуы, қолданылуы) тоқтатылғаннан кейін, регенерацияланатын элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ регенерацияға жатпайтын элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, оларды бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені; 12) көму - пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне оларды алып қою ниетінсіз орналастыру; 13) көму пункті - пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы; 14) көму пунктін жабу - көму пунктін қауіпсіз жағдайға келтіріп, көмгеннен кейін барлық операцияларды аяқтау; 15) қондырғыны пайдалануға беру - ядролық немесе радиациялық немесе электрофизикалық қондырғының компоненттері мен жүйелерін оның құрылысы аяқталғаннан және қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет; 16) қондырғыны пайдаланудан шығару - ядролық немесе радиациялық немесе электрофизикалық қондырғыны пайдалануды тоқтату және қондырғы мен оны орналастыру алаңының қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін түпкілікті жай-күйін қамтамасыз ете отырып, оны мемлекеттік бақылаудан алып тастау жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет; 17) пайдаланушы ұйым - атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 18) пайдаланылып болған ядролық отын - ядролық реакторда сәулеленген және одан біржола алып тасталған ядролық отын; 19) персонал - иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайларына байланысты олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар; 20) радиациялық қатер - сәуле алу нәтижесінде, оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы; 21) радиациялық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі; 22) радиациялық қауіптілік санаты - атом энергиясы пайдаланылатын объектімен жұмыс істеген кезде немесе ықтимал авария жағдайларында халық және (немесе) қоршаған орта үшін оның радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектінің сипаттамасы; 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23) радиациялық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы; 24) радиоактивті заттар - құрамында радионуклидтер бар, кез келген агрегаттық жағдайдағы, шығу тегі табиғи немесе техногендік кез келген материалдар; 25) радиоактивті қалдықтар - құрамында алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклидті көздер; 26) радионуклидті көз - құрамында радиоактивті заттар бар, оны пайдалы қолдану үшін арнайы жасалған немесе қандай да бір қызмет түрінің жанама өнімі болып табылатын иондандырушы сәулелену көзі; 27) сақтау - ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттеріне олармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды алу мүмкіндігі көзделетін уақытша орналастыру; 28) сақтау пункті - ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы; 29) көліктік қаптама комплекті - тасу кезінде радиоактивті құрамды толық орналастыру мен ұстап тұру үшін қажетті элементтердің жиынтығы; 30) физикалық қорғау - атом энергиясы пайдаланылатын объектіге рұқсатсыз қол жеткізуіне жол бермеу жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесі; 31) электрофизикалық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, иондандырушы сәулелерді генерациялайтын немесе генерациялауға қабілетті арнайы, ядролық немесе радиациялық болып табылмайтын қондырғы; 32) ядролық қауiпсiздiк - ядролық авариялардың мүмкiн болмайтындығы белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз етілетін, атом энергиясы пайдаланылатын объектiнiң қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 33) ядролық қондырғы - табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, санамаланған қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды 33-1) ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы - бір алаң шегінде орналастырылған ядролық қондырғылардың басқа операторларының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын тікелей және (немесе) жанама түрде иеленетін ядролық қондырғы операторы; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 33-2) тармақшамен толықтырылды 33-2) ядролық қондырғы операторы - Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше ядролық қондырғыны пайдаланатын заңды тұлғасы; 34) ядролық материалдар - бөлiнетiн (ыдырайтын) радионуклидтерден тұратын немесе оларды шығаруға қабілетті материалдар; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды 34-1) ядролық нұқсан - ядролық қондырғымен немесе ядролық қондырғыдан келіп түсетін, онда шығарылған немесе ядролық қондырғыға бағытталған ядролық материалмен жұмыс істеу нәтижесінде иондандырушы сәулеленудің әсері салдарынан келтірілген, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың залалдарын, сондай-ақ алдын алу шараларына арналған шығындарды қоса алғандағы нұқсан; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 34-2) тармақшамен толықтырылды 34-2) ядролық оқыс оқиға - ядролық нұқсан келтіретін немесе ядролық нұқсан келтіру қаупін туғызатын оқиға не оқиғалар сериясы; 35) ядролық физикалық қауіпсіздік - атом энергиясы пайдаланылатын объектілерге және (немесе) пайдаланушы ұйымға қатысты ұрлау, диверсия, рұқсатсыз қол жеткізу, заңсыз беру, жұмыс істеу фактілеріне немесе басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге, анықтауға және (немесе) ден қоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесінің жай-күйі.
2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) жеке және заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметіне; 2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклімен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметіне; 3) ядролық сынақтар мониторингіне; 4) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке; 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына; 6) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды даярлауға және аттестаттауға қатысты қолданылады.
4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері және қағидаттары 1. Атом энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін тиімді қорғау, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті, ядролық қаруды таратпау режимін ұстап тұру атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады. 2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) атом энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; 2) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің атом энергиясын пайдаланудың басқа аспектілерінен басымдығы; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылаудың міндеттілігі мен үздіксіздігі; 4) атом энергиясы пайдаланылатын объектiлер қауіпсіздігінің жай-күйі мен халыққа және қоршаған ортаға әсерi туралы ақпараттың қолжетімділігі, объективтiлiгi және уақтылығы; 5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің радиациялық әсерімен келтірілген зиянды өтеудің міндеттілігі; 6) қоршаған ортаның нормативтен тыс радиоактивтік ластануына жол бермеу; 7) өзінің радиоактивті қалдықтарының кері импортын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарының және пайдаланылып болған ядролық отынының импортына және олардың көмілуіне жол бермеу; 8) атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің міндеттілігі қағидаттарына негізделеді. 3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың ядролық қаруды әзiрлеу, жасау, шығару, сынау, сақтау немесе тарату мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметiне тыйым салынады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу ауданы, олардың құрылысы және құрылысын болғызбау туралы шешімдер қабылдайды; 3) ядролық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы шешім қабылдайды; 4) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді; 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді; 6) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді; 7) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекітеді; 8) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) келтірілген ядролық нұқсан ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінен асып түсетін бөлігінде, келтірілген ядролық нұқсан толық өтелгенге дейінгі қажетті соманы беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда келтірілген ядролық нұқсанды өтеу үшін ақша төлеуді қамтамасыз етеді; 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды 8-2) осы Заңның 26-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен радиациялық қауіптілігі бірінші санаттағы ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегін айқындайды; 9) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады; 2) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 4) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 5) атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді; 6) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді; 9) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді; 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 11) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 12) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 13) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді; 15) 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 17) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді; 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді; 19) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 20) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 21) халықтың және (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді; 22) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды; 23) ядролық материалдардың мемлекеттік есебін жүргізеді; 24) иондандырушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді; 25) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады; 26) 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 27) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен, Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданады; 28) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады; 29) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 30) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді; |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы 2-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері және қағидаттары5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті6-бап. Уәкілетті органның құзыреті7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау7-1-бап. Алып тасталды 3-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау10-бап. Қондырғылардың радиациялық қауіптілік санаттары11-бап. Радионуклидті көздердің қауіптілік санаттары12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу13-бап. Ядролық физикалық қауіпсіздік14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiн мемлекеттік есепке алу15-бап. Атом энергиясын пайдалану саласында экспорт пен импортты жүзеге асыру16-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау17-бап. Радиоактивті қалдықтармен және пайдаланылып болған ядролық отынмен жұмыс істеу18-бап. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметті жүзеге асыру19-бап. Құрамында алып қою деңгейлерінен жоғары табиғи радионуклидтер бар материалдардың пайдаланылуын бақылау20-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігі21-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму пункттерін жабу23-бап. Авариялық әзірлік және ден қою 4-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы25-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасының объектілері26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу 4-1-тарау. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы және оны қаржылық қамтамасыз ету26-1-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы26-2-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегі26-3-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қаржылық қамтамасыз ету26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты26-5-бап. Талап қоюдың ескіруі26-6-бап. Регрестік талаптар26-7-бап. Ядролық қондырғы операторын немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторын келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босату тәртібі және негіздері 5-тарау. Қорытынды ережелер |