Отбасы және балалар саласындағы қағидаларды бекіту туралы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығымен күші жойылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 2-тармағына, 125-бабына, 133-баптың 3-тармағына және 137-баптың 1-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жетім баланы (балаларды) және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшерінің қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|