«Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолыменімен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаскесі) ақылы автомобиль жолыменімен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|