Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолыменімен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы (2023.02.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.04.12. № 1153 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.24.04. № 274 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.04.12. № 1153 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаскесі) ақылы автомобиль жолыменімен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|