|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 91-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаттары 2-тарау. БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру 5-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы 6-бап. Бейбіт жиналыстарға қатысушы 7-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралы өкілінің) қызметі 8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 9-бап. Бейбіт жиналыстарды өткізу орны мен уақыты 10-бап. Бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама 11-бап. Хабарламаны қарау тәртібі 12-бап. Келісуді алу туралы өтініш 13-бап. Келісуді алу туралы өтінішті қарау тәртібі 14-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту 16-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету 17-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтата тұру негіздері мен тәртібі 18-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мен тәртібі 21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бейбіт жиналыс - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара; 2) бейбіт жиналысқа қатысушы - бейбіт жиналысқа өз еркімен қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы; 3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын - республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты; 4) бейбіт жиналысты ұйымдастырушы - бейбіт жиналыс өткізуге бастамашы болатын, оны өткізуді ұйымдастыратын және бейбіт жиналыс барысы мен оған қатысушыларға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға; 5) демонстрация - қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының белгілі бір уақытта белгілі бір маршрут бойынша қозғалысы, бұл көлік құралдары пайдаланыла отырып, дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе пайдаланылмай, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады; 6) жергілікті атқарушы орган - республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 7) жиналыс - қоғамдық маңызы бар мәселелерді және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) ұжымдық жария талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта бірлесіп болуы; 8) митинг - қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта бірлесіп болуы, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады; 9) өтінішті келісу - жергілікті атқарушы орган демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыс өткізуге беретін құжат; 10) пикеттеу - қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы, бұл қозғалыссыз және дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдаланылмай, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады; 11) хабарлама - бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға жіберетін, белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта пикеттеу, жиналыс немесе митинг нысанында бейбіт жиналыс өткізу ниеті туралы алдын ала құлақтандыру; 12) шеру - қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, бейбіт жиналыстар бостандығы құқығы шектелмейді. 3. Осы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады. 4. Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін. 5. Осы Заңның күші жабық үй-жайларда іс-шаралар, ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар, жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстары мен жиындарын, көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстарын, сондай-ақ құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар өткізуге байланысты қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, оларды өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», «Мәдениет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаттары Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мынадай қағидаттарға негізделеді: 3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету; 5) бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция;
2-тарау. БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға мыналар жатады: 1) бейбіт жиналыстарға ықтимал қатысушыларды құлақтандыру; 2) жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш беру; 3) бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық және өзге де қажетті көмек беруге құзыреті шегінде жәрдем көрсетуі; 4) үгіттеуді Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен жүргізу; 5) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының мемлекеттік кауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізуі; 6) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын өзге де әрекеттер.
5-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы 1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының: 1) пікірлерін, талаптарын жария білдіруге, бейбіт жиналыстар өткізу кезінде шешімдер қабылдауға; 2) осы Заңда белгіленген тәртіппен бейбіт жиналыстар өткізуге; 3) осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен үгіттеу жүргізуге; 4) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың құзыреті шегінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, медициналық көмекті және өзге де қажетті көмекті ұйымдастыруға жәрдемдесу жөнінде қолданып жатқан шаралары туралы ақпарат алуға; 5) азаматтардың талаптарына, өтініштеріне қол жинауды ұйымдастыруға; 6) осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға; 7) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудио-визуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға; 8) медициналық көмек көрсетуге және бейбіт жиналыстар өткізу орнынан қауіпсіз эвакуациялауға жүгінуге; 9) бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; 10) бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуға; 11) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы: 1) осы Заңның талаптарын сақтауға; 2) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге; 3) жергілікті атқарушы орган өкілінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға; 4) бейбіт жиналыстарға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және оларды өткізу регламентін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеуді талап етуге; 5) осы Заңның 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; 6) бейбіт жиналыстар өткізілу кезінде оларға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасауға, ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге; 7) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүруге; 8) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бейбіт жиналыс өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда дереу жергілікті атқарушы органға және азаматтарға бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен ақпарат беруге, сондай-ақ үгіттеуді тоқтатуға; 9) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде оларға қатысушылардың және басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер және (немесе) прокуратура органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға, ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде жәрдемдесуге; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге; 2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға; 3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге; 4) қоғамдық тәртіпті және бейбіт жиналыстарға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке күзет ұйымдарын тартуға; 5) жергілікті атқарушы органмен келіспей киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға; 6) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге; 7) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға; 8) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға; 9) үгіттеу мен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға тыйым салынады. 4. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді. 5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының өкілдері ұйымдастырушы сияқты дәл сондай құқықтарды пайдаланады және дәл сондай міндеттерді атқарады. 1) сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған немесе сот үкімімен жазасын өтеу кезеңінде түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған Қазақстан Республикасының азаматы; 2) жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, мемлекетке опасыздық жасағаны, тыңшылық, экстремистік және террористік қылмыстар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар Қазақстан Республикасының азаматы; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген заңды тұлға; 4) қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды.
6-бап. Бейбіт жиналыстарға қатысушы 1. Бейбіт жиналыстарға қатысушының: 2) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде шешімдерді талқылауға және қабылдауға, өзге де ұжымдық әрекеттерге қатысуға; 3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан және (немесе) жергілікті атқарушы органнан бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат алуға; 4) бейбіт жиналыстар мәселелері бойынша келісетінін не келіспейтінін білдіруге; 5) осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға; 6) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудио-визуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға; 7) медициналық көмек көрсетуге және бейбіт жиналыстар өткізу орнынан қауіпсіз эвакуациялауға жүгінуге; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Бейбіт жиналыстарға қатысушы: 1) осы Заңның талаптарын сақтауға; 2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, жергілікті атқарушы орган өкілінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға; 3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге; 4) қоғамдық тәртіпті және бейбіт жиналыстар өткізу регламентін сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеуге; 5) бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмеуге; 6) ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге; 7) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде оларға қатысушылардың және басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер және (немесе) прокуратура органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 3. Бейбіт жиналыстарға қатысушыға: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге; 2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға; 3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге; 4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыда жергілікті атқарушы органның тиісті келісімі болмаған кезде киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға; 5) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге; 6) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға; 7) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға; 8) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға; 9) бейбіт жиналыстарға қатысқаны үшін материалдық сыйақы алуға тыйым салынады.
7-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралы өкілінің) қызметі 1. Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) бейбіт жиналыстар өткізілу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтарды пайдаланады. 2. Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) бейбіт жиналыстар кезінде: 1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтірмеуге; 2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуі, мүліктің сақталуы үшін бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға міндетті.
8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 1. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы: 1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындайды; 2) пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 1) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаларды немесе келісуді алу туралы өтініштерді осы Заңның 11 және 13-баптарында белгіленген мерзімдерде қарайды; 2) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны немесе келісуді алу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Заңның 11 және 13-баптарында белгіленген мерзімдерде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға қабылданған шешім туралы хабарлайды; 3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қатер төнген жағдайда шатырларды, киіз үйлерді, құрылысжайларды орнатудан, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, көлік құралдарын пайдаланудан бас тартады; 4) осы Заңның 11 және 13-баптарында белгіленген жағдайларда және мерзімдерде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстардың өзге өткізу орнын және (немесе) жүру маршрутын не уақытын ұсынады; 5) бейбіт жиналыстардың нысанына және оған қатысушылардың санына қарай бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға осы Заңға сәйкес бейбіт жиналыстар өткізуге жәрдем көрсету мақсатында өз өкілдерін тағайындайды; 6) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушыларға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат береді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы3-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаттары 2-тарау. БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру5-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы6-бап. Бейбіт жиналыстарға қатысушы7-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралы өкілінің) қызметі8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті9-бап. Бейбіт жиналыстарды өткізу орны мен уақыты10-бап. Бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама11-бап. Хабарламаны қарау тәртібі12-бап. Келісуді алу туралы өтініш13-бап. Келісуді алу туралы өтінішті қарау тәртібі14-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту15-бап. Үгіттеу16-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету17-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтата тұру негіздері мен тәртібі18-бап. Бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мен тәртібі 3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |