«Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 1464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 1464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 750 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 1464 бұйрығымен бекітілген
Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өзінің мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген ұйым «Заң консультанттары палатасы» (бұдан әрі - Палата) болып танылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|