Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы (2019.25.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару 7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар 7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын қауіпсіздік талаптары 7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары 8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры 9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау 11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру 4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы 12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер 14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы 15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы 16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері 17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою 5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы 21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру 22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау 23-бап. Қаруды сату немесе беру 24-бап. Қаруды марапаттап беру 28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті 29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті 30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау 33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру
Осы Заң ның аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған. Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару; 2) белгі беру қаруы - дыбыс, жарық және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын қару; 3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделетін қару; 4) криминалистік талаптар - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендіру және заңсыз қолдан жасау мүмкіндігін болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар; 5) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар; 6) қару айналымы - қаруды өндіру, құрастыру, қайта жасау, өткізу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оны Қазақстан Республикасының аумағынан әкету; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7) қару жасап шығарушы - қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға лицензиясы бар ұйым; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8) қаруды пайдаланушы - қару иесiнен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9) қаруды иелену - сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретiнде алу; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10) қару иесі - қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 11) қару өндірісі - қаруды зерттеу, әзірлеу, жасап шығару, сынақтан өткізу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою, патрондар және олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару; 12) лақтырылатын қару - нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып, қозғалысқа түсетін қару; 13) оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар (бұдан әрі - патрондар); 14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебінен бағытты қозғалыс алатын қару; 15) суық қару - нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару; 16) электрлі қару - қолданылуы электр разрядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.
2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Қару түрлері Өзінің бағытталған мақсаты бойынша қару: 1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару; 2) азаматтық қару; 3) қызметтік қару болып бөлінеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары қару-жарақ түрлерінің бірі болып табылады. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады.
5-бап. Азаматтық қару Азаматтық қаруға Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс. Азаматтық қару былайша бөлінеді: 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) өзін-өзі қорғау қаруы: тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы; газды қару - газды пистолеттер, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар; электрлі қару - зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар; 2) спорттық қару: ойық ұңғылы атыс қаруы; тегіс ұңғылы атыс қаруы; сұқпа суық қару; лақтырылатын қару; үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары пневматикалық қару; 3) аңшылық қару: ойық ұңғылы атыс қаруы; тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 миллиметрден аспайтын атыс қаруы; аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы; үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару; сұқпа суық қару; 4) белгі беретін қару.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен; 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6-бап. Қызметтік қару Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды күзету бойынша өздеріне заңнамамен жүктелген және өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады. Қызметтік қаруды пайдалануға және қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады. Қызметтік қаруға жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады. Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар 1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретінде: 1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар және бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруының; 2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруының; 3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруының; 4) ұңғы ұзындығының 40 пайызынан аспайтын ойық бөлігі бар «парадокс жүйесіндегі» қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруының; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, қол шоқпарлардың, кастеттердің, сурикендердің, бумерангтердің және қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген ұрып-уататын, лақтыратын, шаншып-кесетін басқа да заттардың; 6) ұшы мен жүзінің ұзындығы 90 миллиметрден астам болғанда, батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан ұшы мен жүзі не өздігінен шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және өздігінен бекітілетін суық сұқпа қару мен пышақтардың; 7) ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондардың; 8) зақымдағыш күші радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың; 9) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 және одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қарудың; 10) криминалистiк талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының; 11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін қару мен оның патрондарының; 12) зақымдағыш әсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13) шығыс өлшемдері ұлттық стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың; 14) металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қарудың айналымына тыйым салынады. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 мм-дан асатын спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, инъекциялауға байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, адырнасының керілу күші 14 кг-дан асатын лақтырылатын қаруды сақтау және алып жүру рұқсатынсыз спорт объектілерінен тыс жерде сақтауға немесе пайдалануға; 2) калибрлі 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды азаматтардың иемденіп алуына; 3) қызметтік және азаматтық қаруға дыбыссыз атуға және түнде көздеуге арналған тетіктер орнатуға; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге; 5) азаматтардың - митингілерге, көше шерулеріне, демонстрацияларға, пикеттерге және басқа да көпшілік-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың қару алып жүруіне; 6) қаруды қоғамдық орындарда ашық (қабына салынбаған күйде) алып жүруге; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қаруды басқа адамға беруге; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) азаматтардың калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын ойық ұзын ұңғылы атыс қаруын иеленуіне; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды 6-3) елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс, газды, электрлі қарудан (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ атуға; 7) қаруды ұлттық киімге жабдық ретінде рұқсатсыз тағынуға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды 1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауіпсіздіктің жалпы талаптары
7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi Техникалық реттеу объектілеріне: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ оны өндіру, жинау, қайта жасау, жөндеу, өткізу (сату), сатып алу, коллекция жинау, экспонаттау, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, жою жатады.
7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын қауіпсіздік талаптары 1. Азаматтық және қызметтік қару тікелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық күтім жасау кезінде қарудың осы түрі (типі) үшін белгіленген арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс. 2. Жарақат салатын, сәулелі дыбыспен және газбен әсер ететін тиісті патрондары бар тегіс ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газ пистолеттері мен револьверлер денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 3. Механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш заттармен, сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары Азаматтық және қызметтік қарудың патрондары өзінің өлшемі, пішіні, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгісі, жұмыс істеу қауіпсіздігі, сондай-ақ оқ-дәрі газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткіштері бойынша техникалық реттеу саласындағы арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптары 1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру, жинау және қайта жасау кезінде жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін сақтау және қауіпсіздіктің сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету талап етіледі. Егер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргізілуге тиіс. 2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұза отырып өткізуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.
2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Кадастр) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтер бар ресми жинақ болып табылады. Кадастр азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының үлгілер тізбесі негізінде басып шығарылады, олар туралы мәліметтер Кадастрға енгізіліп және одан алып тасталып отырады. Қарудың айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган кадастр әзірлейді, оны бекітеді және шығарады.Кадастрға сұқпа суық қару мен лақтырылатын қару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шет елге әкетілетін бірен-саран дана азаматтық қару туралы мәліметтер енгізілмейді. Кадастрға өзгерістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін үш айдан аспайтын мерзім өткенде енгізіледі. Кадастрды әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары үлгілерінің сәйкестігі міндетті расталуға жатады. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы үшін негіз болып табылады. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынауға қойылатын техникалық талаптар мен әдістер азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді. Сертификаттау туралы ҚР 1999 ж. 16 шілдедегі № 434-1 Заңы қараңыз
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, иелену және экспонаттау лицензиялануға жатады. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензияны ішкі істер органдары береді. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары3-бап. Қару түрлері4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару5-бап. Азаматтық қару6-бап. Қызметтік қару7-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына белгіленетін тыйым салулар 1-1-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында техникалық реттеу аясында қауіпсіздіктің жалпы талаптары7-1-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілерi7-2-бап. Азаматтық және қызметтік қаруға қойылатын қауіпсіздік талаптары7-3-бап. Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары7-4-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптары 2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры және оларды сертификаттау8-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастры9-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау 3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру 4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының және өзге де субъектілердің қаруды сатып алу құқығы14-бап. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қару иемденіп алуға құқығы15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы16-бап. Қару иелерінің құқықтары мен міндеттері17-бап. Қару пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері18-бап. Қаруды қолдану құқығы19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту20-бап. Қару мен оның патрондарын алып қою 5-тарау. Жекелеген қару түрлерінің айналымы21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру22-бап. Азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен сауда жасау23-бап. Қаруды сату немесе беру24-бап. Қаруды марапаттап беру25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету26-бап. Шетелдіктердің азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою 6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті 7-тарау. Қорытынды ережелер30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру |