ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.27.02. № 49 бұйрығымен 2-1-қосымшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-1-қосымша
Осы қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024.31.01. № 26 бұйрығын қараңыз (2024 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы уақытша Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының сауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңінде ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс (бұдан әрі - іріктеу) өткізудің тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-баптың 2-тармағына, 27-баптың 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес әзірленді. 2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды: 1) жеке қасиеттерін бағалату; 2) жалпы конкурс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|