Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелерi (2013.18.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 874 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Министрліктің мынадай ведомстволары: Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Жастар ісі комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.»; 13-тармақ мынадай мазмұндағы 164), 165), 166), 167) тармақшалармен толықтырылсын: «164) өнім берушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауына бақылауды жүзеге асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|