Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 170/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 170/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда «Регион.kz» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулының ресми жариялануын; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсiн. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 14 cәуірдегі № 88/2 қаулысына қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы «9» маусымдағы № 170/6 қаулысымен бекітілді
«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|