|
Алматы облысының 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 286 691 115 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсiмдер бойынша 31 713 396 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша 208 529 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 20 000 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша 254 749 190 мың теңге; 2) шығындар 274 167 260 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 3 951 850 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 4 264 484 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 312 634 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 10 947 595 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу 10 947 595 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 375 590 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 375 590 мың теңге. 2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша түсімдер Іле ауданында 100% мөлшерінде, Қарасай ауданында 100% мөлшерінде аудандық бюджеттерге түсетіні, басқа аудандар мен қалалар бойынша 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|