«Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|