«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2020.08.12. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және келесі айдың 10 күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап келесі тоқсандағы айдың 20 күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 121-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|