«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі тақырыбы өзгермейді; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|