|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: «төлем ұйымын» деген сөздерден кейін «, микроқаржы ұйымын» деген сөздермен толықтырылсын; «төлем жүйелері» деген сөздерден кейін «, микроқаржылық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 91-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында айқындалады.»; 4) 136-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облигация - шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы және облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік баламасымен номиналды құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.»; 5) 292-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген тұрақсыздық айыбымен, кепілмен, борышкердің мүлкін ұстап қалумен, кепілгерлікпен, кепілдікпен, кепілпұлмен, кепілдік жарнамен, қамтамасыз ету ақысымен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.»; 6) 18-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын: «8-параграф. Қамтамасыз ету ақысы 338-5-бап. Қамтамасыз ету ақысы ұғымы Шарт бұзылған жағдайда ақшалай міндеттеме, оның ішінде залалды өтеу немесе тұрақсыздық айыбын төлеу міндеті тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің белгілі бір ақшалай соманы (қамтамасыз ету ақысын) екінші тараптың меншігіне беруімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Қамтамасыз ету ақысы болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз етуі мүмкін. 338-6-бап. Міндеттемені қамтамасыз ету ақысымен орындау 1. Шартта көзделген мән-жайлар басталған кезде қамтамасыз ету ақысының сомасы тиісті міндеттемені орындау есебіне есепке жатқызылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар шартта көзделген мерзімде басталмаған немесе қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтатылған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, қамтамасыз ету ақысы бұрын қамтамасыз ету ақысын берген тұлғаның меншігіне қайтарылуға жатады. 3. Белгілі бір мән-жайлар басталған кезде тиісті тараптың қамтамасыз ету ақысын қосымша енгізу немесе ішінара қайтару міндеті шартта көзделуі мүмкін. 4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, қамтамасыз ету ақысының сомасына сыйақы (мүдде) есепке жазылмайды. 5. Егер бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары және (немесе) шығу белгілерімен айқындалған заттар қамтамасыз ету есебіне меншікке берілген жағдайларда да қамтамасыз ету ақысы туралы қағидалар қолданылады.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 25-тарау мынадай мазмұндағы 7-параграфпен толықтырылсын: «7-параграф. Репо операциясы 500-1-бап. Репо операциясы ұғымы Репо операциясы - екі бөліктен тұратын шарт, оған сәйкес: 1) бір тарап (репо сатушысы) шартта белгіленген мерзімде екінші тараптың (репо сатып алушысының) меншігіне бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беруге міндеттенеді, ал репо сатып алушысы осы бағалы қағаздарды және (немесе) қаржы құралдарын қабылдауға және олар үшін белгілі бір ақшалай соманы төлеуге (репо ашу) міндеттенеді; 2) репо сатып алушысы шартта белгіленген мерзімде репо сатушысының меншігіне бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беруге міндеттенеді, ал репо сатушысы осы бағалы қағаздарды және (немесе) қаржы құралдарын қабылдауға және олар үшін белгілі бір ақшалай соманы төлеуге (репо жабу) міндеттенеді. 500-2-бап. Репо операциясының ерекшеліктері 1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, репо ашу және репо жабу нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұқсас (бір шығарылымдағы) болуға тиіс. 2. Егер репо операцияларының мәніне қайшы келмесе, репо операцияларына сатып алу-сату туралы жалпы ережелер қолданылады. 3. Репо операцияларын жасау жөніндегі ерекшеліктер және (немесе) шектеулер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленуі мүмкін.»; 2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;»; 3) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;»; 4) 806-баптың 5-тармағы «жасасу» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 818-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «алынған кірістерді (шеккен залалдарды)» деген сөздер «алынған (шеккен) кірістерді (шығыстарды)» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 820-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «шарттары» деген сөзден кейін «және сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарында мерзімдік төлемдер нысанында төлемдерді жүзеге асыру көзделген өмірді сақтандыру шарттары» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 830-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын: «5-2) сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мақсаттарда;»; 2-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) 839-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімді сақтандырушы қабылдайды және бас тарту себептерінің уәждеп негізделіп және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере келе, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабардар етіліп, жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады. 8. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына сақтандыру омбудсманы дауды реттеу тәртібін сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және шарттарда сотқа шағым жасалуы мүмкін.»; 9) 841-бапта: 1-1-тармақ алып тасталсын; 2-тармақтағы «Сақтанушы сақтандыру шартын», «бұзуға» деген сөздер тиісінше «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру шартынан», «бас тартуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 842-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстің 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстің 841-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайларға байланысты болмаса, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары, егер шартта өзгеше көзделмесе, қайтарылуға жатпайды. Сақтанушы-жеке тұлға, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шартын қоспағанда, сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, ол жасалған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті. Сақтанушы-жеке тұлға өзінің (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындау себебінен қарыз шартына байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, сақтандырушы сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру қолданыста болған уақытқа пропорционалды бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты, алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) он пайызынан аспайтын шығасыларды шегере отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) қайтаруға міндетті.»; 11) 891-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Кодекстің 892-бабының 3-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сеніп тапсырылған мүлікке меншік құқығының ауысуы мүлікті сенімгерлік басқаруды тоқтатпайды.»; 12) 892-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашқан сенімгерлік басқару құрылтайшысының (мүлік меншік иесінің немесе мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге уәкілеттік берілген құзыретті органның) шоты бойынша көрсетілуге жатады.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Сенімгерлік басқаруға берілген акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуы, егер акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару шартында және (немесе) иеліктен шығару шартында өзгеше көзделмесе, осы бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтатады. Акциялар мен бағалы қағаздарға меншік құқығы ауысқан жағдайда, акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару құрылтайшысына қатысты белгіленген осы тараудың талаптары сенімгерлік басқарудағы акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жаңа меншік иесіне қолданылады.». 3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын. 4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 94-баптың 1-тармағының 6-2) тармақшасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылған және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар» деген сөздер «жасыл» облигациялар, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылғандар және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілгендер» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 1) 155-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға жол берілмейді.»; 2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын. 6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»; 2) 15-бапта: екінші бөлікте: 13) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «13) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары белгіленетін, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын;»; «50) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;»; 75) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; үшінші бөліктің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдардың мөлшерін және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді;»; 3) мынадай мазмұндағы 69-1-баппен толықтырылсын: «69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).». 7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 14-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Микроқаржы ұйымдарын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп қосымша ұсынылады.». 8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2) 1-баптың 2-тармағы «тіркеумен» деген сөзден кейін «(қайта тіркеумен)» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 8-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігінде: 1) тармақшада: екінші абзацта: «қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, онда банк холдингі болған кезде олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды» деген сөздер «орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде, банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, төлем ұйымдары мәртебесі бар қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; «акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған» деген сөздер «акцияларға және жарғылық капиталға қатысу үлестеріне ие болған» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлем алып тасталсын; мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын: «жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);»; 2) тармақша тоғызыншы абзацындағы «ұйымдарды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларға қолданылмайды.» деген сөздер «ұйымдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын: «жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарында және 2) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарында белгіленген талаптар уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде банктер мен банк холдингтерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылады.»; 9-тармақта: 1) тармақшада: «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын; «қамтамасыз етілімді өткізумен» деген сөздер «қамтылымды немесе қаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеумен, өткізумен және қолдап отырумен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) төлемді қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асыруға болатын кезде, банк жүйелері, бағдарламалары, инфрақұрылымы пайдаланыла отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алу және оларға қашықтан ақы төлеу мүмкіндігін қоса алғанда, қызмет көрсету сервисін ұсыну арқылы төлеуші мен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында делдалдық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырумен;»; 4) 11-1-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құруды немесе олардың капиталына қатысуды қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларға ие болуға, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес.»; 6-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы;»; 9) тармақшадағы «сақтамау негіздер болып табылады.» деген сөздер «сақтамау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: «10) банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болуына қойылатын осы Заңның талаптарын банктің, банк холдингінің сақтамауы; 11) уәкілетті органға еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындысы бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде банктің және (немесе) банк холдингінің залал шеккен қызметі негіздер болып табылады.»; 7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Банк ашуға рұқсаттар алу шеңберінде берілген еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтінішті уәкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.»; 11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Банкке немесе банк холдингіне ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Уәкілетті орган: 1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған; 2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ капиталына банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |