«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 100-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актiлердiң тiзбесi
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|