|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат): 1) 105-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мынадай: 1) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты; 2) екі немесе одан көп адамға қатысты; 3) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы немесе қылмыстық топ жасаған; 4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 2) 132-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «жасаған» деген сөзден кейін «немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 134-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын: «1-1) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы;». 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 134-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату»; мынадай мазмұндағы 156-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу»; 2) 134-бап мынадай редакцияда жазылсын: «134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату 1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату, яғни сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру - эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған әрекет - эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; 3) мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын: «156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын: 1) мерзiмдi баспа басылымдарын жас санаты белгісінсіз тарату; 2) «18 жастан бастап» жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде белгіленген уақытты сақтамау; 3) теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату түрінде жасалған бұзушылық - ескерту жасауға алып келеді. 2. Аудио-бейне және (немесе) баспа өнімін жас санаты белгісінсіз тарату - ескерту жасауға алып келеді. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; 4) 409-бап мынадай мазмұндағы 7-2-бөлікпен толықтырылсын: «7-2. Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы - лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; 5) 452-баптың тоғызыншы бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын; 6) 684-баптың бірінші бөлігі «154,» деген цифрлардан кейін «156-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 7) 804-баптың бірінші бөлігінде: 1) тармақша «154,» деген цифрлардан кейін «156-1 (екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын; 23) тармақша «416» деген цифрлардың алдынан «134,» деген цифрлармен толықтырылсын; 49) тармақша «409» деген цифрлардың алдынан «134,» деген цифрлармен толықтырылсын; 50) тармақша «199» деген цифрлардың алдынан «134, 156-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 62) тармақша «451» деген цифрлардың алдынан «134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 140-баптың 3-тармағының 16) тармақшасы «сатуды,» деген сөзден кейін «балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуды,» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 10-1) тармақшасындағы «асырумен айналысатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым» деген сөздер «асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 13-1-баптың 3), 4) және 9) тармақшалары алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.»; 2) 7-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;»; 3) 39-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау 1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған, тектік-топтық ерекшелікті, соғысты, терроризмді насихаттайтын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру, порнография бар, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін, сондай-ақ баланың рухани және имандылық тұрғысынан дамуына өзгеше түрде нұқсан келтіретін ойыншықтарды және ақпараттық өнімді көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді, прокаттауды және таратуды жүзеге асыруға тыйым салынады.»; 4) 40-1-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «40-1-бап. Баланы денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін өнімдер айналымына тарту жөніндегі әрекеттерден қорғау»; «, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы» деген сөздер «және (немесе) эротикалық мазмұндағы, баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 52-баптың 1-тармағы «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «мен жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен толықтырылсын. 6. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат): 1) 7-баптың 35) тармақшасы алып тасталсын; 2) 28-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «индексі» деген сөз «жас санаты» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 28-3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «28-3-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы 1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдер мен Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау мақсатында әкелінетін (жеткізілген) фильмдерге мынадай жас санаттары беріле отырып, жас сыныптамасы жүзеге асырылады: 1) «6 жасқа дейін» - алты жасқа толмаған балаларға арналған фильмдер; 2) «6 жастан бастап» - алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 3) «12 жастан бастап» - он екі жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 4) «14 жастан бастап» - он төрт жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 5) «16 жастан бастап» - он алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 6) «18 жастан бастап» - он сегіз жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер; 7) «21 жастан бастап» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер. 2. Фильмдерді «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап» және «16 жастан бастап» жас санаттарына жатқызу өлшемшарттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келеді. «18 жастан бастап» жас санатына: Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпарат; кинотуындының сюжеті мен көркемдік міндеті тұрғысынан ақталу шартымен, суицидтің, адам өлтірудің, отбасы өмірінің проблемалары мен ажырасудың, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің, аурулардың, нәсілшілдіктің, бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың, жалаңаштанудың, жыныстық қатынас немесе басқа да эротикалық әрекеттер көріністерінің сипатталуы және (немесе) бейнеленуі; дөрекі жаргон, былапыт сөздердің, нормативтік емес лексиканың эпизодтық қолданылуы бар фильмдер жатқызылады. «21 жастан бастап» жас санатына: Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, кез келген көріністердің сипатталуы және (немесе) бейнеленуі бар; дөрекі жаргон, былапыт сөздерді, нормативтік емес лексиканы қолданудағы шектеулер болмайтын фильмдер жатқызылады. 3. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын фильмдерді қоспағанда, телеарналарда «18 жастан бастап» жас санаты бар фильмді - жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді жергiлiктi уақытпен сағат нөлден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн прокаттауға жол берiледi. «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді прокаттауға кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн жол берiледi. 4. Фильмге прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокаттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрерменге фильмнiң жас санаты туралы хабардар етуге мiндеттi. 5. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап», «16 жастан бастап» және «18 жастан бастап» жас санаты белгісі Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Фильмдердің «21 жастан бастап» жас санаты белгісі ромбтағы «21+» белгісімен және (немесе) «жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескертумен белгіленеді. 6. Фильмнің жас санаты туралы ақпарат Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілуге және тұтынушылар үшін қолжетімді болуға тиіс.». 7. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 21-баптың 3-тармағындағы «сот тәртібімен кері қайтарып алады» деген сөздер «кері қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 29-бапта: тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29-бап. Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау 1. Балаларға арналған теле-, радиобағдарламаларды тарату Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 2-тармақтағы «аталған фильмдер мен телебағдарламаларды» деген сөздер «балаларға тыйым салынған теле-, радиобағдарламаларды» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 2-і. № 170-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |