|
2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2023 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 10 796 832 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 6 601 381 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 40 802 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 82 569 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша – 4 072 080 мың теңге; 2) шығындар – 10 796 832 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімдері – 0 мың теңге; қарыздарды өтеу – 0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге. 2. 2023 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін: 1) жеке табыс салығы бойынша: төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 75 пайыз; 2) әлеуметтік салық бойынша – 75 пайыз. 3. 2023 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында келесі трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін. 4. 2023 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 2 445 541 мың теңге сомасында ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|