|
Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы (2024.10.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 602 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2024 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына 1-қосымша
Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі
Мынадай шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар: 1) қандастар; 2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес-көшіп келушілер; 3) босқын мәртебесін немесе пана іздеген адамның куәлігін алғандар; 4) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәж бойынша көшіп келушілер болып табылатындар; 5) Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан шартты түрде айыруға, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|