Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттарына субсидиялар көлемдерін бекіту туралы (2020.25.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020.25.08. № 316 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттарына субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары субсидиялар көлемдері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|