Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-13) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/124 қаулысына қосымша
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – басқарушы компания); 2) басқарушы компанияның құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|