|
|
|
«Ақмола облысы аумағында карантин шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 шілдедегі № 31 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 тамыздағы № 32 Қаулысы
Қазақстан Республикасы халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақмола облысы аумағында карантин шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 шілдедегі № 31 қаулы қосымшасының 13-тармағына өзгерістер енгізілсін. 2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысы қалалары мен аудандардағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы. 3. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. 4. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабардар етілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 тамыздағы № 32 қаулысына қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); * - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған. ** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |