Трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру жөніндегі орындарды айқындау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|