Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 779 Жарлығын қараңыз (2025 ж. 18 мамырда қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Қаулысын қараңыз
ҚР Президентінің 2022.31.12. № 77 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2020.13.11. № 447 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Президентінің 2017.16.08. № 532 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;
3) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2020.13.11. № 447 Жарлығымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары;
5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
6) «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары бекітілсін.
7) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 152