ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кеңес туралы ереже бекітілсін.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестің дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 тамыз
№ 87
Президентінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 87Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|