|
|
|
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.04. № 409 бұйрығымен 103 - 104-қосымшаларымен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 103-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 104-қосымша
«Акциз бойынша декларация (400.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1. Осы «Акциз бойынша декларация (400.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және акциз сомаларын есептеу үшін көзделген «Акциз бойынша декаларция» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес толтырады. Бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілерді қоспағанда, өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органында тіркелген салық салуға байланысты бір объектісі бар акциз төлеуші акциз бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объекті үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді. 2. Декларация декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01-ден 400.08-ге дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |